«Қазіргі уақытта «Бесоба» ТК-нің мемлекеттік қабыладу комиссиясының төрағасы Сергей Гребенщиков пен оның орынбасары Татьяна Гукка қатысты айыптаулар бойынша № 12358801100010 істің тергелуі аяқталды. 2012 жылдың 24 тамызында оларға ҚР ҚК-нің 307 бабындағы 4 бөлімімен («Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметтік өкілдігін теріс пайдалану») қарастырылған түпкілікті айыптар тағылды», - делінген облыс прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Прокуратураның ақпаратынша, айыпталушыларға алдын ала тергеудің аяқталуы туралы хабарланып, танысу үшін іс материалдары ұсынылды.
Бұрын хабарланғандай, осыған ұқсас айыптаулар мемлекеттік қабылдау комиссиясын басқарған Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары, Саран қаласының қазіргі әкімі Виктор Иванов пен үйді қабылдау кезінде мемлекеттік қабылдау комиссиясы басшысының орынбасары болған Дәулет Алтынбековке айыптар тағылды.
ҚР ҚК-ніе сәйкес аталған қылмыс үшін 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Бұдан басқа, 7 жылға дейін белгілі бір қызметтерде отыру немесе белгілі бір жұмыспен айналысу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-дегі 5 қабатты үйдің 4 кіреберістік блок-секциясы опырылып түсті. Бұл үй үш жыл бұрын үлескерлердің қатысуымен салынған еді. Бұған дейін, аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні салмақ түсетін негізгі құрылыс конструкциялары бұзылған болатын. Апатты үйден 138 адам көшірілді. Қарағанды әкімдігінің 3 сәуірдегі өкімімен үйге ТЖ режимі енгізілді.
ТЖ салдарынан болған шығын 545,3 млн. теңгеге бағаланды. Соның ішінде жойылған пәтерлердің бағасы 328,8 млн. теңге болды.
Үйдің опырылып құлауы фактісімен құрылысшыларға, жобалаушыларға, мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүргізген қызметтік тұлғаларға қатысты төрт қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасарлары Виктор Иванов пен Сергей Гребенщиков, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау облыстық басқармасының бұрынғы бастығы Александр Воробьев қамауға алынды.
Қазіргі кезде зардап шеккен үлескерлерге қала билігі жаңа үйлер берді. Осы екі арада «Бесобадағы» басқа барлық тұрғын үйлер апатты танылды. Бүкіл кешенді бұзып, оның орнында жаңа көпқабатты үйлерді салу шешімі қабылданды.
Бұл үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісімен қылмыстық істі тергеуде. Алданған клиенттердің ақшаларын өзімен бірге алып кеткен компанияның басшысына іздеу жарияланды.