Қарағанды қаласының №4 емханасы 17 жыл бұрын құрылған. Медициналық мекеме Октябрь ауданы тұрғындарының бір бөлігіне қызмет көрсетеді. Бір ауысымда емханаға 500-ден астам пациент қабылдайды. Нақты қуаты – ауысымына 700 келушіні құрайды. Мұнда 2 ауысымда жұмыс істейтін 30 төсектік күндізгі стационар бар. Күн сайын 60 науқас ем алады. Науқастарға үйдегі стационарлар ұйымдастырылады. Емхананың қызмет көрсетілетін аумағының радиусы 28 шақырымды құрайды. Бұл аумақ — қаланың халық тығыз орналасқан аудандарының бірі. Сондықтан, бұқаралық иммундау мәселесіне мекеме басшылығы аса жауапкершілікпен қарап отыр. Тұрғындар арасында вакцинацияның қалай өтіп жатқаны туралы директордың медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасарының м. а. Шахрух Туламетов айтып берді
- Шахрух Назымбекұлы, пандемия басталғалы бері сіздердің емханада тіркелген тұрғындар арасында қанша адам коронавирус жұқтырып, емделді? Пандемия кезінде қанша тұрғын көз жұмды?
- 2020 жылы бізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 917 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда КВИ-мен ауыратындар саны 1590 адамды құрайды. Өкінішке орай, пандемия кезінде біз 28 адамнан айырылып қалдық. 2021 жылы жыл басынан 10 шілдеге дейін 9 өлім жағдайы тіркелді.
- Сіздердің емханаларыңызда вакцинация қалай жүргізіледі? Вакцинаның бірінші компонентін қанша адам алды және екіншісін қаншасы алды?
- Жалпы, емхана басшылығы 24725 адамды егуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге дейін біздің медициналық мекемеге тіркелген 15962 тұрғын иммундаудан өтті. Оның ішінде бірінші компонентті 10964 адам, ал 2 компонентті 4998 адам алды. Пайыздық қатынаста халықты бірінші компонентпен қамту 44% құрады.
- Тұрғындарға қандай вакцина егесіздер?
- Гам-Ковид, Каз-Ковид, Хаят Вак, Корона-Вак вакцинасының барлық компоненттерін егеміз
- Вакцинациядан кейін асқынулар болды ма?
- Жоқ, мұндай жағдайлар біздің емханада тіркелген жоқ. Науқастар вакцина алады. Әрине, вакцинацияға тән ілеспе белгілер бар. Бірақ тұтастай алғанда олар жақсы өтуде.
- Ал емхана қызметкерлері жайлы не айтасыз? Олардың барлығы вакцина алды ма?
- Барлық дерлік қызметкерлер вакцина алған жоқ. Себебі олардың арасында жүкті және бала емізетін әйелдер бар. Бірақ жалпы қамту 79% құрайды.
- Сіздердің мекемеде вакцина жеткілікті ме?
- Қазіргі уақытта біз Гам-Ковидтің 1 компонентін егеміз, қалған барлық вакциналар тек 2 компоненттен тұрады.
- Вакцинация қаншалықты маңызды?
- Вакцинацияның арқасында біз халық арасында КВИ инфекциясын айтарлықтай азайта аламыз. Бұл өзіңізді қауіпті вирустан қорғаудың ең маңызды тәсілі. Жоғарыда келтіргенімдей, өлім деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бұл белгілі бір деңгейде вакцинацияның арқасында. Сондықтан вакцинация өте маңызды деп санаймын.