Қарағанды облысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ұсынысы бойынша, облыстық орталықтың колледждерінде мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылды.
«2018 жылдың 2 наурызынан 3 мамырына дейінгі кезеңде, электронды қолтаңба алған азаматтар саны 14 490 адамға жетті, олардың 11 693 - студенттері, ал оқытушылардың саны - 2 797», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының білім басқармасы басшысы Есенғазы Иманғалиев.
Қарағандыда студенттер тікелей колледждерден мемлекеттік қызметтерге кіре алатын болды.
Бұдан басқа, колледждер ғимаратында қызмет ететін студенттерге қызмет көрсету орталықтарын құру жөніндегі жұмыс басталды. Сонымен қатар, осындай орталық қазір екі колледжде жұмыс істейді. Бұл - Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті мен Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университеті.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, студенттерге қызмет көрсету орталықтары білім алушыларға мемлекеттік қызметтің алты түрін көрсетеді. Оның ішінде студенттердің басқа оқу орнына ауысуы және оқуға қайтып орналасуы, оқуға түсу үшін құжат тапсыру, техникалық және кәсіптік білімін аяқтамағандарға анықтама беру, жатақханадан орын алғанға қатысты құжаттың телнұсқасын (дубликат) беру, тегін тамақ беру немесе академиялық демалыс алу бар.