Ал балалар мерекесі қарсаңында сол саябақта жатқан сөмкеден адамның дене мүшелері шыққан.
Алайда мамандар дене мен бастың бір адамдікі екеніне сенімсіз. Полицейлер тергеудің құпиялығы үшін бұл туралы әзірге тіс жармай отыр. Осы мақсатта газет тілшілері оқиға орнында түсірген таспалар да тәркіленіп алынған, деп хабарлайды ktk.kz.
Бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл жақында із-түссіз жоғалып кеткен 63 жастағы Сәуле Сұраубаеваның сүйегі болуы мүмкін. Сәуленің туғандары марқұмды «оның пәтеріне көз тігіп жүргендер қасақана өлтіруі ықтимал», дейді.