«Өкінішке қарай, Қарағандыда кие туралы еш ұғымы жоқ адамдар табылды. Православиелік қарағандылықтарды қарақшылық туралы хабарлама тітіркентті: тамыздың 13-нен 14-не қараған түні Свято-Введен шіркеуінен қазіргі кезде ғибадатхананың құрылысына жиналған қаражаттың барлығы ұрланды, - делінген епархияның ресми сайтында жарияланған түсініктемеде.
Жаңа кафедралы шіркеудің құрылысы Қарағандыда 2011 жылдың күзінде басталды, деп еске салады епархиядан.
«Құрылыстың бірінші күнінен бастап епархияға бұл ізгі әрі қасиетті іске қайырымдылық қаражаты түсе бастады. Кәсіпкерлер мен мінәжат етушілер, дәулетті және қарапайым православиелік адамдар өз үлесін қосуға тырысты. Әсіресе өздері көмекке мұқтаж адамдардың қайырмдылығы маңызды болды. Мысалы, қаражат қариялар үйінен де келіп түсті», - деп атап өтіледі түсініктемеде.
Қылмыстың тез ашылуына полицейлердің кәсібилігі мен діндарлардың ғибадаты көмектесті, деп санайды дін қызметкерлері.
«Ғажап болды: тәртіп сақшыларының жедел әрі жоғары кәсіби әрекеттерінің арқасында қаскөйлер ұсталып, қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде, қаражаттың біраз бөлігі табылды.
Бүгін Қарағандының діншілдері қаламыздың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шынайы алғысын, ал өздерінің аспандағы жебеушісі - киелі қария Севастианға ризашықтарын білдіруде», - деп мәлімдейді епархиядан.
Бұрын хабарланғандай, тамыздың 13-нен 14-не қараған түні Қарағандының Свято-Введен шіркеуіне ұрылар кіріп, ондағы сейфті сындырып, оның ішінде жатқан 75 млн. теңге, 50 мың еуро және 1,3 млн. ресейлік рубльді ұрлап әкетті. Қаскөйлер сондай-ақ қымбат жәдігерлерді де алып кетті. Полицейлдер күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады. Олар Алматыдан келген 22 жасқа дейінгі үш жұмыссыз жігіт болып шықты. Олардың айтуынша, ұрлықтарын шіркеуде жұмыс істеген таныстарының кеңесімен жасаған. Кінәларын мойындаған олар ұрланған заттарды жасырған жерлерін көрсетті.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.