Қарағандыдағы жаңа вокзал қазан айында пайдалануға беріледі
Бұл нысан өңір басшылығыныңерекше бақылауында. Облыс әкімі бұған дейін қыркүйек айында жаңартылғанғимараттың жолаушылар үшін есігін ашуы жөнінде тапсырма беріп, адамдарыңғайсыздық сезінбеулері тиіс, деп атап өткен болатын.
«Вокзалдың ескі ғимаратында жұмыс 70-80%аяқталды. Қыркүйек айында біз жолаушыларды қабылдай аламыз. Белгіленгенмерзімде үлгеру үшін құрылыс материалдарын жеткізу жеделдетілді. Бригадалардыңсаны арттырылды»,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Қарағанды магистральдік желібөлімі» вокзалдық шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары ӨміртайШериязданов.
Бүгінде эскалаторлар орнатылып, мүмкіндігішектеулі адамдарға арналған бөлмелер, олардың қолжүгін қабылдайтын арнайыорындар дайындалып жатыр. Вокзалдың жаңа терминалының құрылысы қазан айында аяқталуы тиіс.
Оның айтуынша, Қарағанды теміржол вокзалы қайта жаңартылғаннан кейін елдегі еңүздіктердің бірі болады. Ол үшін заманауи әрлеу материалдары қолданылды.Мысалы, табиғи тасқа өте ұқсас травертин.
Вокзал келушілер үшін ыңғайлы және қауіпсіз, әрі кең болмақ. Ғимараттың үшқабатты жаңа қанатында кассалар, күту залдары, медпункт, мүмкіндігі шектеуліадамдарға арналған демалыс бөлмесі, ана мен бала бөлмесі, фудкорттар мен саудадүңгіршектері орналасады. Жолаушылар перронға жер үсті өткелдері бойыншатүсетін болады.
Қайта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалының өткізу мүмкіндігі екі есе өседі. Ол тәулігіне8000 жолаушыны қабылдай алады.
Айта кету керек, жаңарту ғимараттың тарихи сәулеттік келбетіне әсер етпейді.Қасбеттің стилі өзгермейді, ал вокзал ішінде бірегей өрнектелген жапсырмаларсақталған.
Ерлан Қошанов жұмыс кестесі сақталуы тиіс екенін атап өтіп, жөндеу жұмыстарынтолықтай жыл соңына дейін аяқтау керектігін еске салды. Сондай-ақ өңір басшысыбарлық мәселелерді жедел шешуді тапсырды.
Қарағандыда темір жол вокзалының ғимараты 1956 жылы салынған. Соңғы рет олкүрделі жөндеуден 11 жыл бұрын өтті.