Қарағандыдағы жәрмеңкеде 135 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алғаш рет ауылшаруашылық жәрмеңкесі жабық кеңістікте - жаңа «Сарыарқа» азық-түлік супермаркетінің аумағында өтті. Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңкеге 8 ауданның шаруалары қатысқан. Онда базардағы бағадан 15-20% төмен сомада 135,4 тонна ауылшаруашылық өнімдері қойылды», - делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың дереккөзіне сүйенсек, жәрмеңкеде 51 тоннаға жуық ет, 6 тоннадан астам балық, 41 тонна көкөніс пен картоп, 7,2 тонна сүт өнімдері, 50 дана тауық жұмыртқасы сатылған.

Жәрмеңкеге Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков келген. Өңір басшысы мал зертханасының жұмысымен танысып, ет-сүт өнімдерінің қауіпсіздігін жіті бақылауды тапсырды. Аталмыш супермаркертте ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.