«Өрт Қарағандының Қазыбек би ауданы Волгоград көшесіндегі үйден шыққан. Тұрғын үйдің ауласындағы монша мен шаруашылық қора-жайлар өртенген», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Тұрғын үйге көрші үйлер жақын орналасқандықтан, қосымша өрт сөндіру құрылымдары тартылды.
Тілсіз жауды 60 өрт сөндіруші мен 14 арнайы техника ауыздықтаған. Өрттің жалпы аумағы 290 шаршы метр.
Үй иесінің айтуынша, жанған аумақта мыңдаған бөдене, шөжелер мен қояндар болған. Сарапшылар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.