Бүгін, 5 қараша күні сағат 00:20-да Шахтеров даңғылының бойынша «Тойота камри» жүргізушісі «Ваз 2107» және «Мерседес бенц» көліктерімен соқтығысқан. Сол жерде жұмыс істеген дәрігерлер мен ЖПП қызметкерлерінің айтуынша, «Тойота камри» жүргізушісі Шахтеров даңғылымен Республика даңғылына қарай келе жатып, ққарсы беттегі «Ваз 2107» көлігімен соқтығысады. Соқтығыстың күшінен «Тойота» қарсы жолаққа шығып кетіп, «Мерседес бенц» машинасымен соғысады.
Алған жарақаты салдарынан «Ваз» жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екеуі де 1972 жылғы туған. Дәрігерлердің ақпараты бойынша, «Тойотада» болған екі әйел ауруханаға түскен. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне қайтарылды.