Қарағандыдан қостанайлықтарға гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында Қостанай өңірінде орман өрттерінен зардап шеккендерге көмек жинап жатыр. Бүгін гуманитарлық жүк тиелген екі көлік жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гуманитарлық көмектің алғашқы партиясына азық-түлік, жеке гигиена заттары, дәрі-дәрмектер, киім-кешек жәнетағы да басқа заттар кіреді.

Көмек қабылдау пункттерін Amanat партиясының барлық филиалдары, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Достық үйі ашты. Көмекті кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, өңірдің этномәдени бірлестіктері көрсетуде.

«Кеше, 4 қыркүйекте, өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету штабы Қарағанды облысындағы Amanat партиясының барлық филиалдарында таңғы 9-дан бастап ашылды. Ақпарат бірден тарай бастады. Кәсіпкерлер, партиялықтар және қарапайым жанашыр адамдар өз үлестерін қосты. Олар қоңырау шалып, көмектерін ұсынып жатыр», - дейді «Жастар рухы» Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов.

Сондай-ақ бүгін гуманитарлық көмек қалалар мен аудандардан жеткізіліп, зардап шеккендерге жіберу үшін дереу жүк көліктеріне тиеледі.

Қарағандылықтар қажетті заттар жинаумен шектелмейді. Қоғамшылдар ашқан бірыңғай қорға ақшалай көмек те жиналады.