«Семинар Беларусь Республикасының ТЖМ-мен әріптестікті дамыту бойынша ҚР ТЖМ-нің жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - төтенше жағдайларда апатты-құтқару жұмыстарды атқару бойынша тәжірибе алмасу», - деді ҚР ТЖМ өндірістік қауіпсіздік және ТЖ-ды мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Нұрбек Құнанбаев.
Қазақстандық және беларусьтік құтқарушылар әріптестікті дамытуға мүдделі, деп аталып өтті семинар барысында.
«Біздің атқаратын жұмыстарымыз ұқсас. Әрине бар айырмашылық көлемде. Сіздер қазба жұмыстарында бізге қарағанда ауқымды жұмыс атқарасыздар. Сондықтан да сіздердің ведомство құрылымдарыңыз үлкен. Менің ойымша, тәжірибе және біліммен алмасу екі елдің пайдасына асады»,- деді Беларусь Республикасы ТЖМ-ің өндірісінде жұмысты бақылау бойынша департаменттің басшысы Александр Кудряшов.
Оның сөзіне қарағанда, беларусьтік құтқарушылардың қазақстандық әріптестерінен үйренуге болатын тұстары бар. Ол өз кезегінде қазақстандықтарға беларусьтік құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенуге кеңес береді. «Менің ойымша, біздің жұмыстың кемшін тұстары аз. Бұған төтенше жағдайдың статистикасы дәлел», - деді департаменттің басшысы.
А. Кудряшов біріккен жұмыстың Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында атқаралып жатқандығын атап өтті.
Беларусьтен келген делегация Қарағанды облысы ТЖД апатты орталықтың қызметімен танысып, «Көмір» ВААС филиалын аралады. Олар сондай-ақ қарағандылық шахталарға барды.