Он үш жасар спортшы командалық, жеке, жұптық және аралас сынақтарда төрт алтын медаль жеңіп алды.
Қарағанды үстел теннисі мектебінің басқа өкілдері де жоғары деңгейде ойын көрсетті.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев те үш алтын, бір күміс жеңіп, көзге түсті.
«Дарья Фу жоғары сынамалы екі марапатқа ие болды, Альбина Жақсылықова жеке және жұптық разрядта қола алды, Дарья Гамова – Полина Сиротина жұбы үшінші орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.