Соғыс ардагерлеріне теңестірілген санаттағы тұлғаларға біржолғы көмек көлемі - 20-100 мың теңге аралығында.
Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай, қалалық бюджеттен 127 млн теңге бөлінді. Облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 43 ардагері мен мүгедегі тұрады. Оның ішінде 31 ардагер - Қазыбек би ауданында, 12 адам - Октябрь ауданында тұрады. Оларға теңестірілген адамдар саны - 5 216.
Өз еркімен жалданғандар, концлагерь тұтқындары және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына 100 мың теңгеден, қалған санаттарға - 20 мың теңгеден төленеді.
Сонымен қатар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысушылар 100 мың теңгеден алды.
Қалалық және аудандық әкімдіктер соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне салтанатты қабылдау шараларын өткізеді. Бұған қоса ардагерлердің үйлеріне барып, құттықтайды. Сондай-ақ, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.