деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Топ жетекшісі Виктор Варфоломеевтің айтуынша, Самарқанд және Тегісжол ауылдарының арасындағы Темірқаш шатқалында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде темір қорамсақ, жебенің ұшы, жас сарбаз белбеуінің айылбасы сияқты заттар табылған. Археологтар, бұл жәдігерлерге 2 мың жылдан асады, деп пайымдауда.
«Тоналмаған зират өте сирек кездеседі. Олар барлық дәуірде тоналып келген. Ал біздің тапқанымыз аман қалған, себебі ол орталықта емес, айдалада орналасқан. Әдетте тонаушылар қорымның күмбездің астында орналасатынын біледі және сол жерлерді тонайды», деп түсіндіреді В.Варфоломеев.