Қайғылы оқиға Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында болды.
«Жекеменшік үйде алдын ала мәлімет бойынша, пештегі ақау салдарынан 6 адам иіс тиіп уланды, үш жасар бала қаза тапты. Тағы төрт бала анасымен бірге ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД-дан.