17 жастағы қыз Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқиды. Бұрын Айсұлу «Мисс Қарағанды» сұлулық байқауына қатысқан.
Сайыс бірнеше кезеңнен өтіп, жеңімпаз атағына ие болу үшін әлемнің 50 елінен келген сұлу қыздар сайысқа түсті.
Халықаралық байқауға қатысушылар қашықтықтан кастинг арқылы іріктелді. Үміткерлер өздерінің фотосуреттері мен бейнероликтерін Оңтүстік Кореяға жіберді.
Айсұлу өзінің таныстыру бейнеролигін Қарағандыда түсірді. Бойжеткен онда өзінің әуестіктері мен хоббиі туралы айтып берді. Студент бимен және атқа мінумен айналысады, суретке түсіруді ұнатады.
Байқауда қарағандылық қыз ТОП-10, одан кейін ТОП-5 финалистер қатарына ілікті. Айсұлу қазылар алқасының алдына ұлттық киім киіп шығып, «Miss National» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.
Мисс сыйлықтар мен сертификаттар алды. Ал басты жүлде -Оңтүстік Кореяда тегін оқу болды.
14:24, 05 Қаңтар 2020
Қарағандылық бойжеткен Оңтүстік Кореяда өткен сұлулық байқауында Miss National атанды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдан келген жас модель Айсұлу Ерболова Оңтүстік Кореядағы «Miss World University 2019» сұлулық байқауында Қазақстанды алғаш рет таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.