Қарағандылық дәрігерлер туралы мәліметті интерактивті картадан көруге болады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жас медициналық кадрлар туралы барлық ақпарат жинақталған интерактивті карта жасалды. Оның көмегімен медициналық университеттің түлегі қандай ауруханаға немесе емханаға жұмыс істеуге келетінін білуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында жұмыс істейтін жаңа медициналыққызметкерлер, енді GOOGLE-картадакөрінетін болады. Оны өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы жасады.

Картадан дәрігердіңаты-жөнін, мамандығын, сондай-ақ ол бекітілген медициналық ұйымды көруге болады.Сауалнама мәліметтерінен басқа, дәрігер профилінде мемлекеттік қолдау шараларытуралы ақпарат көрсетілетін болады.

«Мемлекет жас дәрігерлерге елеулі әлеуметтік қолдаукөрсетуде. Мысалы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 100 АЕК көлеміндекөтермеақы төлеу, тұрғын үй беру, отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыруқарастырылған. Сондай-ақ, кейбір медициналық ұйымдар өз бюджетінен қосымшакөтермеақы төлейді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтаубасқармасының баспасөз қызметінен.

Әзірге картаға 57 дәрігердің деректері енгізілген. Оларемханалар мен ауруханаларда жұмысқа кірісті. Жыл соңына дейін облысқа 446 маман келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар