Қарағандылық Е.Айдова конькимен сырғанаудан Әлем чемпионатында үздіктер «ондығына» енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада конькимен сырғанау спорты бойынша әлем чемпионатында қарағандылық конькимен сырғанаушы Екатерина Айдова 500 метрлік жарыста тоғызыншы орын көрсеткішіне қол жеткізсе, 1000 метрлік қашықтыққа жарыста төртінші болып келді, деп жазады vesti.kz.

«500 метрлік қашықтыққа болған бірінші жарыстан ойлағанымдай өте алмадым. Оған қобалжуым себеп болған шығар. Екінші дистанцияға басқа көңіл-күймен шығып, 1000 метрді одан жақсы өткердім. Егер «бесжүздікке» дәл солай шықсам, медаль үшін тайталаса алар едім деп ойлаймын. Әрине, өте өкінішті, бірақ жалпы алғанда алдыма қойған «ондыққа» түсу міндетін орындап шықтым. Бұл додаға бүкіл әлемнен жиналған үздік спортшылар қатысуда, сондықтан сайыс оңайға түспеді», - дейді спортшы.