Қарағандылық екі боксшы ҚР Президенті Кубогында жүлде иеленді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокстан ҚР Президентінің кубогында қарағандылық боксшы Абылайхан Жүсіпов алтын медаль ұтып алса, Айжан Қожабекова күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада Қытай, Филиппин,Тәжікстан, Сирия, Өзбекстан, Үнді, Алжир, Ресей, Болгария, Қырғызстан, Моңғолияжәне Қазақстаннан келген кіл мықты спортшылар күш сынасты. Біздің ерлерқұрамасының мүшелері доданы қанжығасына 18 медаль салды. Қарағандылық АбылайханЖүсіповке 69 келі салмақ дәрежесінде тең келер спортшы болған жоқ.

«Турнир тамашаөтті. Жекпе-жектер де керемет болды. Өзін жақсы көрсете алған кім десеңіз?Бірден Абылайхан Жүсіпов деп жауап беремін. Боксшы турнир бойы өзінің жоғарыдеңгейін көрсете білді. Ақтық сайыста ол жас спротшымыз Талғат Шәйкеновпенкездесті. Мұнда, әрине, Жүсіповтың санаты дегенмен де жоғары болды», - деді olympic.kz -кеберген сұхбатында құраманың бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев.

Қазақстанныңәйелдер командасы 11 медаль иеленді. Қарағандылық Айжан Қожабекова 57 келігедейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар