Қарағандылықтардың бас бапкері Виктор Кумыков қарсыластарын тең дәрежедегі команда санайтынын жеткізді. Мирел Йоса баптайтын корчалықтар - Албания чемпионатында 2011 жылдан бері қарсылас шақ келтірмей жүрген ұжым. Олар ел біріншілігінің 4 дүркін (1933, 2011, 2012, 2013) чемпионы және 3 дүркін ел кубогын (1958, 1965, 1976) иеленген. Бұл команданың негізі 1909 жылы қаланған. Бұған дейінгі 2 маусымда да Чемпиондар лигасында екінші іріктеу кезеңінде сүрінген «Скендербеу» биыл тұңғыш рет өз тарихында үшінші раундқа шығып отыр. Олар да қарымта ойынын енді өз алаңында емес, Албания астанасында өткізбек.
16:55, 29 Шілде 2013
Қарағандылық футболшылар Астанада Албания чемпионымен күш сынасады
АЛМАТЫ. 29 шілде. ҚазАқпарат - Қарағандының «Шахтер» футбол командасы 30 шілде күні Астанада УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Албанияның Корча қаласының «Скендербеу» командасымен күш сынасады.