Қарағандылық ғалым КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасын әзірлегені үшін марапатталды
ҚР Президентінің Жарлығымен коронавирус инфекциясына қарсы күреске қосқан үлесі үшін Денсаулық сақтау министрлігінің 29 қызметкері атап өтілді. Марапатталғандардың есімдерін ҚР ДСМ жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова атап өтті.
«Коронавирус пен аурушаңдықтың өсуінің жаңа кезеңі барысында, денсаулық сақтау жүйесі зор жүктемені бастан кешкен кезде, құрметті әріптестер, сіздердің күнделікті атқарып жатқан орнықты және батыл еңбектеріңіз үшін бас иеміз», - деді вице-министр Ләззат Ақтаева.
Қарағандылық ғалым Бақыт Көшерова коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасын әзірлеушілер тобын басқарды.
Команда құрамына инфекционистер, пульмонологтар, клиникалық фармакологтар, анестезиолог-реаниматологтар кірді. Клиникалық хаттама бүкіл әлемде жүргізілген зерттеулер негізінде және халықаралық стандарттарға сәйкес жасалды.
Әдістемені қытайлық сарапшылар бағалады.