Қарағандылық құрылысшылар Арыста бір айда 519 пәтер мен 72 жекеменшік үйді жөндеді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының құрылысшылары Түркістан облысының Арыс қаласында барлық жөндеу және құрылыс жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жалпыбіздің өңірден оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан кейін тұрғын үйді қалпынакелтіруге 20-дан астам құрылыс фирмалары қатысты. 400-ге жуық маман демалыссызжұмыс істеді, зардап шеккен тұрғындар тез арада өз үйлеріне оралды. Бір айішінде қарағандылықтар 519 пәтер мен 72 жекеменшік үйді жөндеді. Арыс қаласынснарядтардан тазарту жөніндегі негізгі іс-шаралар аяқталған соң, біздіңбригадаларымыз қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Біз мұнда 28 маусымдакелдік. Әртүрлі құрылымдар мен 25 мердігерлік ұйым тартылды. Әрбір бекітілгенүй бойынша іс-шаралар жоспары жасалды», - деді Қарағанды облысының құрылыс,сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов.

Мердігерлердің айтуынша, Арыс тұрғындарының трагедиясыешкімді бей-жай қалдырмады.

«Әрине, біз шетте қалмадық, адамдарға қирағаннан кейін тұрғынүйлерін қалпына келтіруге көмектесуге келдік. Біз 11 көпқабатты үйге жауаптыболдық. Қажетті жөндеуден басқа, тұрғындардың өтініштерін орындадық. Біздіңмамандармен бірге жергілікті тұрғындар да жұмыс істеді. Біз Арыс қаласында жөндеу кезінде 200-ге жуықадамды қабылдадық», - деді «Жилкомхоз 2030» ЖШС директорының орынбасары ТалғатҚасымханов.

Мамандардың айтуынша, қарағандылықтарға үйлерді қысқамерзімде қалпына келтіруге ТЖ салдарын жою бойынша жұмыс тәжірибесі көмектесті.

«2015 жылы Қарағанды облысында күрделі су тасқыны кезеңіболды. Сол кезде үлкен судан зардап шеккен адамдарға жедел көмек керек болды.Біздің құрылысшылар дала жағдайында жұмыс істеуге сол кезден үйренген. Әдеттегііс деп айтуға болады», - деп атап өтті Тайхан Қалмаханов.

Арысқаласында көп қабатты үйлердің аулаларына шатырлар орнаттық. Осы жердетуындаған мәселелерді шешу үшін тұрғындарды қабылдау жүргізілді. Бұл адамдарғаәр мәселе бойынша штабқа бармау үшін және ыңғайлы жағдай жасау мақсатындажасалды.

Өзбастамасымен қарағандылықтар сонымен қатар демеушілік қаражатқа тұрғын үйаймағында спорт алаңын жабдықтады. Көп қабатты үйлердің тұрғындары мұндайсыйлыққа қуанып, алғыстарын білдірді. Тренажерлер балалардың көңілінен шықты.

Жергілікті жерде техникалық қадағалау ұйымдары мен Қарағандыоблысының мемлекеттік органдарының өкілдері де болды. Өңір басшылығыұйымдастырған штаб жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар