«Көктем-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуында құтқарушылар төтенше жағдай туралы тұрғындарды және басқару органдарын хабардар ету тәсілдерін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша барлық қызметтердің іс-қимылын, су тасқыны кезінде халықты эвакуациялау бағыттарын пысықтайды және эвакопункттерінің жай-күйін тексереді.
Өңірде алдын алу және жою жұмыстары үшін 8 мыңнан астам адам мен 2 400-ден астам техника дайындалды.
«Арықтарды, арналарды, автомобиль және темір жол көпірлерінің су өткізу құрылыстарын сең жүру мен тасқын суларды өткізуге дайындау және тазарту, қорғау бөгеттерін, бөгеттер мен үйінді құрылыстарын нығайту бойынша іс-шаралар орындалуда.
Елді мекендерден қар шығару, ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ үй маңындағы учаскелерді қардан және мұздан тазарту жұмыстары жүргізілуде», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.
Облыс бойынша барлығы 174 практикалық іс-шара жоспарланған. Бұл, үйілген қорғаныс қоршауларын нығайту, қар шығару, каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазалау, орларды кесу және өзге де жұмыстар.
Су басуы мүмкін аймақта орналасқан 158 елді мекен және барлық гидроқұрылыстар ерекше бақылауға алынды.