Қарағандылық қыз өз-өзіне қол салды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі аптадан бері іздеуде болған 25 жастағы Құндыз Бекееваның денесі асылған күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызды өзіне-өзі қол жұмсады деп есептейді.

«Мәйітті табу фактісі бойынша материал ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Тергеу жүріп жатыр», - деп пікір білдірді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Қ.Бекееваның жоғалуы туралы хабарландыру қаладағы аялдамалар мен супермаркеттерге ілінді. Қыздың ата-анасы Павлодар облысында тұрады. Қарағандыда Құндыз атасымен және екі ағасымен Майқұдықтың 18-шағынауданында тұрады. Туыстарының айтуынша, Құндыз 27 қыркүйек күні 11-лерде үйден шығып кеткен және оралмаған.

Бойжеткеннің денесін белгісіз адамдар гараждар арасынан тауып алған.