Кеме моделін жасау спортының «С» сыныбында көшірме модельдер жасаудан әлем чемпионаты Калининград қаласындағы дүниежүзілік мұхит мұражайында өтті. Кеме моделін жасау спортының халықаралық федерациясы (штаб-пәтері Австрияда орналасқан) модел көшірмелерін жасаудан 8 техникалық сынып бойынша жарыс өткізді (кеменің көлемін 40-200 сантиметрге дейін нақты көшіру). Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, чемпионатқа Франции, Германии, Швейцарии, Қытай, Ресей, Украина, Қазақстан секілді жиыны 15 елден 200-ден астам кеме моделін жасаушы қатысты.
«Қазақстаннан 6 спортшы қатысты, олардың барлығы Қарағанды техникалық спорт түрлері мектебінің оқушылары. Ел құрамасы 5 медаль алды, оның бірі алтын, бірі күміс, қалған үшеуі қола, - деп хабарлайды спорт басқармасы. - С-6 сыныбы бойынша чемпионатта (қозғалтқыштары бар модельдер) қарағандылық Руслан Брунер жеңімпаз атанды. Екінші орында С-7 сыныбы бойынша (картон және қағаздан жасалған модельдер) Максим Штульберг . Қола жүлдені Алексей Шуваров (миниатюра 250:1), Алексей Смирнов (С-6) және Александр Скорюпин (С-7) алды».
Барлық жеңімпаздар ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері жүктемелерін орындады. Оларды Сергей Оконечников жаттықтырады.