Биыл зияткерлік жарыстарға әлемнің 35 елінен келген оқушылар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Адина Абсадықова химия бойынша екінші, биология, физика және математика бойынша үшінші, ал Арайлым Аязбай математика бойынша үшінші орын алып, физика пәні бойынша грамота алды.
«Мен Сингапур ұйымдастырған StemCo қашықтық олимпиадасына қатыстым. Ол төрт пәннен тұрды. Сұрақтардың көпшілігі логикаға негізделген. Жақсы нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын, әрі қарай да олимпиадаларға қатысамын», — деді Адина Абсадықова.
StemCo олимпиадасы — бұл әлем оқушылары өз құрдастарымен бәсекелесе алатын және өз құзыреттерін үнемі жетілдіре отырып, дами алатын бірегей халықаралық алаң.