Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы 52 жүргізуші мен 44 өрт сөндіруші лауазымдық қызметінің бос тұруы - бұл мәселеге мамандардың жаппай жұмыстан кетуі емес, жай ғана кадрлық алмасу деп түсіндірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының өрт сөндіру бөлімшелерінде өрт сөндірушілер мен өрт сөндіргіш көліктердің жүргізушілері жаппай жұмыстан шығып жатыр деп хабарланған болатын .
Қарағанды облысы ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, штаттың толық құрамы үшін 44 өрт сөндіруші және 52 өрт сөндіру көліктерінің жүргізуші қызметкерлері керек.
«Штатты жасақтау үшін жарияланған конкурс 52 жүргізуші мен 44 өрт сөндірушінің орнын толтырмақ. Бұл жалпы штаттың 5 пайызынан да аспайды. Облыстың осы саладағы жалпы штаттық саны 2000 бірлікті құрайды. 2017 жылы 62 қызметкер зейнет жасына жетуіне байланысты қызметтен босатылды», - делінген ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Жарияланған конкурс мәліметтеріне сәйкес, өрт сөндірушінің айлығы еңбек еткен жылдарына байланысты 50 436 теңгеден, 76 097 теңгені құрайды.