Кездесу бастамашылары адамның мәдени дамуы үйдегі тәрбиеге, отбасында туындайтын дәстүрлерге байланысты екендігін атап өтті. Кітапханашылар аталмыш шараны Отбасы күні мерекесінде ұйымдастыруы да бекерден емес. Оқу залына келген ауыл тұрғындарына мерекенің тарихы туралы айтылды. Жиналғандар отбасылық байқаулар мен викториналарға қатысты. Балалар үлкендермен бірге жұмбақтар мен ребустар шешті. Ата-аналар балалармен бірге, ал әжелер немерелерімен қосылып, отбасы бірлігінің нышаны ретінде өз алақандарын суретке салып, онда тілектерін жазды.
Шара соңында барлық қатысушылар өздерінің отбасы ағашын «өсіріп шығарды».