Қарағандылық полицейлер әйелдерге өлең арнады

None
ҚАРАҒАНДЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Алдағы келе жатқан 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне байланысты Қарағанды облысы бойынша ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері арасында қыз-келіншектер туралы жазылған ең үздік өлеңге байқау өткізді.

Байқаудың қорытындысы бүгін жарияланды. 

Бұл байқауға қазылар алқасына өздерінің өлеңдері мен туындыларын ұсынған 12 полиция қызметкері қатысты. «Қазылар алқасынының құрамында ІІД-нің жетекшілігі мен нәзік жанды қыздардан тұратын қызметкерлер бой көрсетті», - деп хабаралады ведомство.

Анасына өлең жолдарын арнаған Абай ауданы ІІБ полиция бөлімінің басшысы Еркебұлан Ысқақов аталмыш байқаудың жеңімпазы атанды. Айта кетейік, ең үздік полиция қызметкерлерінің «ақындары» бағалы сыйлықтармен марапатталды