деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, 1997 жылы Теміртау қаласының уақытша ұстау оқшаулағышының қызметкері, полиция сержанты Темірханов қала көшелерінің бірінде спиртті ішімдік ішіп отырған үш адамды кездестіріп, олардың қоғамдық тәртіпті бұзып отырғандығын ескертеді. Сол мезетте отырғандардың бірі тәртіп сақшысының басынан темірмен ұрып құлатады. Соққының салдарынан полиция қызметкері ауруханада көз жұмады.