Қарағандылық «Сарыарқа» ХК жастар командасы ЖХЛ турнирінде жарысқа кіріседі

None
ҚАРАҒАНДЫ. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының жастар командасы Жастар хоккей лигасы (ЖХЛ) турнирінде жарысқа кіріседі.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақмыс» (Қарағанды облысы) жастар командасының ойындары 2011-2012 жылдардағы маусымның жастар командалары арасында хоккейден жалпыресейлік жарыстарының Chevrolet ЖХЛ біріншілігі аясында Қарағандыда «Ақжолтай» мұздағы спорт сарайыда өткізіледі. Бірінші матчтар 24-25 қыркүйекте өткізіледі. Өз мұз айдынында «Қазақмыс» Ангарскінің «Ермак» командасын қабылдайды», - деп хабарлады «Сарыарқа» ХК баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сарыарқа» ХК жастар командасының атауын өзгертпек. Клубтың ресми сайтында үздік атау мен жастар командасының логотипі үшін байқау жариялау туралы хабарландыру басылған.

Жеңімпазға бағалы сыйлық уәде етілген.