Негізгі команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып бас бапкердің ассистенті Андрей Финонченко тағайындалды.
«Біз Владимир Ивановичке командада өткізген уақыты үшін алғыс айтамыз және оның мансабына табыс тілейміз», - делінген хабарламада.
16 турдан кейін «Шахтер» Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.
Владимир Журавель қарағандылық футбол клубын 2018 жылдың қаңтар айынан бастап басқарған болатын.