Қарағандылық «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Эрфан Зенели үйленді. Бұл туралы кеншілердің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Футбол клубы қарағандылық «Шахтердің» жаңа ойыншысы Эрфан Зенели мен оның қалыңдығы Лиданы неке тойымен құттықтайды! Жас жұбайларға үлкен бақыт пен амандық, отбасылық жылулық тілейміз», - делінген хабарламада.

Эрфан Зенели Финляндия ұлттық құрамасының ойыншысы, ол қазақстандық Премьер-лигада бірнеше матч өткізіп үлгерді. Бұған дейін жартылай қорғаушы Чемпиондар лигасында финдік ХИК-тің «Астанаға» қарсы ойнаған құрамына қатысты.