«Бүгін Қарағанды облысы жалпы сомасы 215 млн теңгенің 200 тоннадан өнімін әкелді. Оның ішінде сиыр, жыл еті, шұжық өнімдері, нан өнімдері бар», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы сауда мен қызмет салалары бөлімінің бас маманы Ермек Серекбаев.
Елордада мұндай жәрмеңке өткізу бүгінде жақсы дәстүрге айналған. Бір жағынан мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де өте тиімді. Өйткені олар не бәрі 2 күннің ішінде мол өнімдерін саудалауға мүмкіндік алады.
«Мұндай жәрмеңкелер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өте тиімді. Себебі олардың өнімдері елордада жақсы саудаланады. Мәселен, олар 2 күннің ішінде орташа есеппен 170 млн теңгеден астам пайда табады», - деді ол.
Жергілікті тұрғындар үшін де табиғи таза өнімді төмен бағаға сатып алуға барлық мүмкіндік бар. Мәселен елордалықтар жылқы етін 1 700, сиыр етін 1 500, ал қой етін 1 400 теңгеден сатып ала алады.