«Облыстың барлық судьялары макулатура жинады. Бұл шимайланған және басқа да керек емес қағаздар еді. Барлығы 4 тоннаға жуық салмақты құрады. Бұл макулатураларды қайта өңдеуге өткізіп, түскен ақшаны қайырымдылыққа бағыттады», - деді Қарағанды облыстық сотының ақпаратпен қамсыздандыру бөлімінің басшысы Гүлбаршын Житикова.
Судьялар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Жаңа жыл қарсаңында «Құлыншақ» балалар үйіне сыйлықтар жасады. Түрлі ойыншықтармен безендірілген екі метрлік шырша сыйлады. Бұған қоса, азық-түлік берілді. Сондай-ақ, жағдайы төмен отбасыларды да назардан тыс қалдырмады.