Қарағандылық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сува қаласында (Фиджи аралы) жастар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Біріншілікте қазақстандық спортшылар да өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 жасар қарағандылық Антон Антропов әлемдік біріншілікте зілтемір көтеруден қоссайыста екінші орынға ие болды.

Күміс жүлдегер облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Иван Снегуровтың жетекшілігімен жаттығады.

Жақында Қазақстан чемпионатында Антон Антропов жеті рекорд орнатты: жұлқи көтеруде - 155 кг, оқыс серпе көтеруде - 205 кг және қоссайыс бойынша-360 кг.