Жарыс Радесте (Тунис) өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиев 15 жасқа дейінгі категорияда мықты ойын көрсетті.
Жеке турнирде ол Павел Кокавецті (Словакия), Чад Хайриді (Тунис), Хая Лама (Норвегия), Тиаго Абиодунды (Португалия), Яндриша Моравикті (Чехия) жеңді. Алайда ол словак Самуэль Арпастан жеңіліп, күміс медаль жеңіп алды.
Жұптық сында Айди Юссефпен (Тунис) бірге Құрманғалиев қола жүлдені жеңіп алды.