Қарағандылық таэквондошылар халықаралық турнирде 50 медаль олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Шымкентте таэквондодан «Шымкент open» турнирі өтті. Оған 10-13 жастағы спортшылар қатысты, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Додада Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген 650 спортшы шеберлік байқасты. Турнир бес бағытта ұйымдастырылды: жеке және командалық спаррингтер, ресми жаттығулар мен өзін-өзі қорғау.

Жарыста Қарағанды мен Теміртау қалаларының спортшылары 24 алтын, 8 күміс және 18 қола медаль еншіледі.

Ең беделді бағдарлама - командалық жарыста облыс құрамасы 4 «алтын» алып, жеңіске қол жеткізді.