деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, ақпанның 11-і күні Қарағанды қаласының Михайлов полициясы бөлімшесінің қызметкерлері Әнуар Құнтаев пен Андрей Адрианов жедел-іздестіру шарасының барысында жекеше үйлердің бірінен түтін шығып жатқаннын байқап қалған. Үйге кірген олар түтіннен тұншығып бара жатқан соң көрпенің астына тығылған 4 және 6 жасар балаларды өрттен алып шығады. Ал үйдің 35 жасар қожайыны бұл кезде қатты мас күйінде ұйықтап жатыпты. Полицейлер балаларды қызмет көлігіне отырғызып алып, өрт сөндірушілерге хабар берген. Осы арада үйдің иесі тәртіп сақшыларынан бой тасалап қашып кеткен. Ал балалардың анасы көршісінің үйінде мас болып ұйықтап жатқан, деді Қ.Жұманов.