Қарағанды әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала басшысы Бауыржан Әбдішев Ф.Огарковты ғасырлық мерейтойымен және алдағы Жеңіс күнімен құттықтады. Ардагерге зор денсаулық және ұзақ өмір тілеген әкім оған сыйлықтар мен ақшалай сыйақы табыстады.
Ф.Огарков 1912 жылдың 5 мамырында дүниеге келген. Кеңес әскерінің қатарына 1942 жылы Қарағанды облысының Долинка кентінен шақырылған. Мәскеудегі 68-ші атқыштар дивизиясында әскери қызмет атқарған, алған жарақаты бойынша әскерден қайтарылды. Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары 17 жыл бойы Халық банкінде бас есепші қызметін атқарған.
Бүгінде Огарковтың 8 немересі, 8 шөбересі және 7 шөпшегі бар.