Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің ақтық финалына шықты

None
АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - "Қарағанды" волейбол клубы Гиа Лай қаласында өтіп жатқан 7-ші Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінің ақтық сынында өнер көрсетуде.

2 наурыз күні басталған бұл дүбірлі додаға жарыс қожайындарынан басқа Қазақстан мен Оңтүстік Кореядан бір-бірден, ал Австриядан ұлттық құрама команда қатысты. Ел намысын қорғаған қарағандылықтар іріктеу сайысында "А" тобындағы барлық қарсыластарын ойсырата ұтып, жеңімпаз атанды. Ал жартылай финалда "В" тобында 2-ші орын алған вьетнамдықтардың «Ngân hàng Công thương»командасын 3:2 есебімен ұтты. Олардың ақтық финалдағы қарсыласы "В" тобының жеңімпазы болған жарыс қожайындарының «TT Liên Việt Bank» командасы болмақ. Олар жартылай сында "А" тобында екінші орын алған өздерінің жерлестері «VietsovPetro» командасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Енді топтық кезеңнің жеңімпаздары кубок үшін, ал екінші орын алған қос команда 3-ші орын үшін таласуда.