Қарағандылық волейболшылар Вьетнам кубогы халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 'Қарағанды' волейбол клубы Гиа Лай қаласында осымен 7-ші рет өткізілген Вьетнам телевидениесі кубогы халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды. Былтыр бұл жарыста ел құрамасы 5-ші орынды қанағат тұтқан болатын. Бұл жолы ел намысын қорғағаған қарағандылықтар топтық сында және жартылай финалда барлық қарсыластарынан басым түсіп, тек ақтық сайыста ғана жарыс қожайындарының «TT Liên Việt Bank» командасына 2:3 (17-25, 25-20, 22-25, 25-19, 11-15) есебімен ұтылды.

Жүлде қоры 26 000 долларды құрайтын бұл жарыста кубок иегері 12 мың, күміс жүлдегер 7 мың, ал қола жүлдегер 5 мың доллар сыйақы алды. Онда 3-ші орын болған ойныда жартылай сында қарағандылықтарға 2:3 есебімен ұтылған жарыс қожайындарының «Ngân hàng Công thương»командасы   вьетнамдықтардың келесі бір«VietsovPetro» командасын 3:0 есебімен ойсыра ұтты. Ал олардың  «VTV-Binh Điền Long An» мен Оңтүстік Кореяның «Yang Sang» және Австралия құрамасы мен вьетнамдықтарлың  «Tân Bình» командасы 5-8 орынды өзара бөлісті.