Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров аталған саяжайдағы үйлердің бірінде болған үш адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғандығын хабарлады.
«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99- бабы 2- бөлімі бойынша тіркелді. Алдын ала нұсқа бойынша, зейнеткердің адамдарды өлтіруге қызғаныш себеп болуы мүмкін. Сот сараптамасы тағайындалды», - деді Бақытжан Құдияров.
Болжам бойынша, Шахтинск қаласына жақын жерде орналасқан саяжайға келген зейнеткер әйелінің қасынан бейтаныс ер адамды көргеннен кейін, екеуін атып тастаған. Содан кейін аулаға шығып өзі-өзіне қол салған.
Қазіргі кезде оқ қаруының зейнеткердің қолына қалай түскендігі тексеріліп жатыр.