Чехияда өткен байқауға бірнеше елдің өкілдері қатысты. Дүбірлі додада Саран қаласының Балалар өнер мектебінің қазақ халық аспаптар бөлімінің «Үміт» домбырашылар ансамблі Гран-приді иленді. Жас шығармашылық ұжым қазақ халқының «Келіншек» күйі мен Сүгірдің «Бес жорға» шығармасын орындады.
«Үміт» домбырашылар ансамблінің құрамында 9-12 жас аралығындағы сегіз қатысушы бар. Бұл жеңіс ансамбльдің барлық қатысушыларының қажырлы еңбегінің нәтижесі», - дейді Саран қаласының Балалар өнер мектебі директоры тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Светлана Салова.