Сапарды Қарағанды әкімдігінің қолдауымен білім бөлімі ұйымдастырды.
Қарағандылықтар халықаралық конкурста Қазақстанның намысын қорғады. 20 қатысушының 15-і 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Төрт үміткер екінші орын және біреуі - үшінші орын алды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды әкімдігі халықаралық конкурстарда дарынды балалардың сапарларын қаржыландыруды бастады. 2018 жылы қалалық бюджеттен осы мақсатта 13 млн теңге бөлінді. Осы ақшаның есебінен қосымша білім беру ұйымдарының 40 тәрбиеленушісі шетелге сапарлай алады.