Жарыс Румынияның Орадя қаласында өтті. Додада 33 елдің спортшылары бәсекелесті.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері , 18 жасар Борис Букатка 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Жалпы нәтижесі 540 кг құраған қарағандылық алтын алды. Ол барлық түрлер бойынша бірінші орынға ие болды: скват – 205 кг, пресс – 130 кг, дедлифт – 205 кг.
Жеңімпаздың тәлімгері – Қарағанды облысының пауэрлифтингтен аға жаттықтырушысы Ирина Дейнека.
« Мен алтыншы жыл осы спорт түрімен айналысамын. Бұл спортқа мені әкем – пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері алып келді. Нәтижеге көңілім толмады. Көп нәрсе істей алар едім. Әрқашан жарыстан кейін мен көрсеткен өнерімді талдап, болашаққа сабақ аламын. Бұл менің ғана жеңісім емес, жаттықтырушыларымның еңбегі», - деп бөлісті әлем чемпионы.