Қарағандылық жастар автобус жүргізушілеріне маска таратты
08:38, 28 Наурыз 2020
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда жас волонтерлер мен Аналар кеңесінің мүшелері маска тігу және оларды қала көшелерінде адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне тарату бойынша акция ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мереке күндері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының өкілдері мен волонтерлер қала көшелерінде өтіп бара жатқан адамдар мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне медициналық маска таратты.
Қарағанды облысының ҚХА Аналар кеңесінің әйелдері мата сатып алып, бетперде тігуде, ал жастар көшеге шығып, ол өнімдерді таратып жүр.