Қарағандылық жеңіл атлеттер ҚР Жастар ойындарында 25 медаль жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР V Жастар ойындарында жеңіл атлетикадан Қарағанды облысының құрамасы жалпыкомандалық бірінші орын иеленді. Спортшылардың қоржынында барлығы 25 медаль бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс Алматыда өтті. Қарағанды облысынан 30 жеңіл атлет – 15 ұл мен 15 қыз қатысты. Әр формада екі адамнан өнер көрсетті.

«Біз жастарымыздан көп үміт күттік, балалар сәтсіздікке ұшырамады. Барлығы жақсы өнер көрсетті. Біздің спортшылар тоғыз алтын, он күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иелендік», – деп атап өтті Қарағанды облысының жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Александр Сенькин.

Қарағандылықтар спринтерлік қашықтықтарда, эстафеталарда және кедергілермен жүгіруде лайықты өнер көрсетті. Секіргіштер мен ядро серпушілер

ерекшеленді.