Биылғы 1 қазаннан бастап Қарағанды облысында «Megacam Limit-S» 80 аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға берілді. Олар жылдамдық режимінен асып кетуді автоматты түрде тіркейді.
«Ай басынан бері осы жабдықтың көмегімен 14 527 дерек анықталды. Мәселен, Қарағандыда - 8916, Жезқазғанда - 3758, Теміртауда – 996,Сәтбаевта – 548 Саранда – 309 факті тіркелді», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлер жүргізушілердің назарын жеке қауіпсіздік және жол қозғалысына басқа қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында жол ережелерін сақтау қажеттігіне аударады.