Қарағандылықтар аймақтарға жас мамандарды тартудың жаңа әдісін ойлап тапты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық шенеуніктер жас дәрігерлерді аймақтарға тартудың жаңа әдісін ойлап тапты. Өңірге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келетін медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттен болашақта алатын пәтерлерінің дизайны мен жобасын таңдау мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болашақ дәрігерлердіңтаңдауына 3 үйдегі 100 пәтер ұсынылады. Олар Қарқаралы, Теміртау және Қаражалдаорналасқан. Өтініштер барлық мамандардан қабылданады. Алайда басымдықакушер-гинекологтарға, неонатологтарға, инфекционистерге және жалпы тәжірибедәрігерлерінеберіледі.

«Биылғы жыл - Жастаржылы деп жарияланған соң біз болашақ дәрігерлерге ыңғайлы болу үшін барлықмүмкіндіктерді жасап отырмыз. Тұрақты жұмыспен қоса түлектерге 100 АЕКкөлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Және де тағы бір бонус - олар болашақпәтерлерінің жобалауын өздері таңдайды»,- деп атап өтті Қарағанды облысыныңденсаулық сақтау басқармасының жетекшісіЕржан Нұрлыбаев.

Денсаулық сақтаубасқармасынан атап өткендей, пәтерлеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде ауылдықдәрігерлерге уақытша баспана жалға беріледі. Өтініш беру үшін аудандықәкімдікке барып, барлық қажетті құжаттарды жинау керек. Өтініштер қаралған соңболашақ дәрігерлер пәтер дизайны мен жобасын ақылдасу үшін әңгімелесугешақырылады. Мұндай ниет білдірген жас мамандарға асығу керек, себебі жаңа баспанағақол жеткізгісі келетіндер саны күн санап артуда.

Соңғы жаңалықтар